Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінде құрылымдық, қалалық және аудандық төтенше жағдайлар бөлімшелерінің басшылық құрамына арналған оқу-әдістемелік жиын өтті.
«Қазақстандағы патриотизмді және құндылықтарды қалыптастыру, азаматтық қорғау органдарында идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру» тақырыбында өткен жиында азаматтық қорғау органдарындағы қызметкерлерді парасаттылыққа, әдептілікке, партиорттыққа, адалдыққа баулу, тәрбиелеу бағыты қамтылды.
– Бүгін БҚО төтенше жағдайлар департаментінде алғаш рет елдегі патриотизм мен құндылықтарды қалыптастыру, азаматтық қорғау саласында идеологиялық, тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында алғаш рет жиын өткізіп отырмыз. Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, діни экстремизм, сонымен қатар әскери бөлімдердегі тәрбие жұмысын жүргізуді белсенді ұйымдастыру жөнінде тақырыптар қозғалуда. Сонымен қатар департамент басшылығымен психологиялық тренингтер өткізіліп, қаладағы мұражайларда экскyрсия жүргізіледі, - деді жиынды ашқан БҚО ТЖД бастығының орынбасары, кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Анар Бисенова.
Азаматтық қорғау органдарындағы жемқорлық жағдайларын қозғаған облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің маманы Ринат Мұратов өңірде құқық қорғау мекемелерінде қызметті асыра пайдалану, пара алу мен жемқорлық әрекеттері тіркелетінін айтты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері ескеруі қажет дүниелер турасында сөз қозғады.
Орал қаласы әкімдігі ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Бақытжан Сабыралиев жастар арасындағы діни көзқарас пен экстремизмнің қоғамға қауіптілігіне тоқталды.
Жиында әскери бөлімдердегі тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыру тақырыбы да шет қалмады.
Облыстық қорғаныс департаментінің өкілі Роман Дүйсенғалиев қоғамдағы әскерилерге деген көзқарас пен жастардың талпынысы турасында әңгімеледі.
Гүлмира Сарсенғали
Суреттерді түсірген: Диас Закбаев
zhaikpress.kz