Оралдағы колонияда жазасын өтеуші өзін емдеген үш фельдшерді соққыға жыққан, деп жазды Ұлттық арна.
«Жазасын өтеуші өзіне жасалар ем-доммен келіспей, балағат сөздер айтқан. Осы оқиғадан қатты қорқып қалған мамандар абақтыда қауіпсіздіктің күшейтілуін талап етіп отыр. Әйтпесе жұмысқа шықпаймыз дейді», делінген телеарнаның телеграм-каналында.
Қатаң режимдегі РУ-28 колониясында ауыр қылмыс жасаған 800-дей адам жазасын өтеп жатыр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.