9.02.2024, 12:45
Оқылды: 75

Облыс чемпионаты мәреге жетті

Шаңғы жарысынан облыс чемпионаты мәреге жетті. Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен спорт ардагерлері бақ сынасқан бәсекеге Орал қаласы мен ауданнан келген 100-ден астам спортшы қатысты. Жарыс ережесі сай шаңғышылар классикалық және еркін әдіспен жүру сынында бақ сынасты.

1ae1a826-6ee0-4ed8-a04e-355104c31ed6

Алдымен жарыс жолында 35 жастан асқан ерлер еркін әдіспен жүру сынының жүлделерін сарапқа салды. Қорытындысында бәйтеректік Жарас Айтуаров жеңімпаз атанды.

4e2f6755-61d8-46f5-8de4-b8465b7cae8f

Жарас Классикалық жүрісте де алдына жан салмай екі дүркін облыс чемпионы атағына қол жеткізді. Одан соң жарыс көркін қыздырған ересектер бәсекесінде еркін жүруде де классикалық әдеспен жүгіруде де оралдық Святослав Грицкевичқа тең келер шаңғышы табылмады. Ересектер яғни 1990-2005 жылдары туған шаңғышы қыздар сынын теректілік Шынар Амангелдиева жеңіп алды. 2006-2007 жылдары туған қыздар да облыс чемпионатының сәнін кіргізді. Жарыс басынан соңына дейін иық тірестіре келген қыздар бәсекесін де Теректі ауданының намысын қорғаған Алина Губашева жеңіп алды. Ол да қос жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатынан көрінді. Ал осы жастағы ұлдар жарысының классикалық жүгірушілер бәсекесін теректілік Ернұр Сағыналин жеңіп алса, еркін әдіспен жарысқан ұлдар арасында Орал қаласының атынан шыққан Олег Авдеев жеңімпаз атанды. Облыс чемпионатына Теректі ауданының қыздары тыңғылықты дайындықпен келгенін көрсетті. Өйткені 2008-2009 жылғы шаңғышы арулар бәйгесін тағы бір теректілік спортшы Айару Аманғали жеңіп алды. Бәйтерек ауданы мен Орал қаласының шаңғышылары да намысты қолдан бермеуге тырысты. Әсіресе, 2008-2009 жылдары туған ұлдар сынының көркін Орал қаласы мен Переметный шаңғышылары кіргізді. Алдымен классикалық әдіспен жүгірген спортшылар бәсекесін Бәйтерек ауданының намысын қорғаған Данат Мусалимов жеңіп алса, еркін әдісте оралдық Александр Бесмертнов бірінші болды. 2010 және одан кіші жастағы жасөспірім шаңғышылар да жарыс сәнін кіргізді. Бұл жастағы спортшылар додасын оралдық Ксения Кудрявцева жеңіп алды. Осы жастағы ұлдар сынында бәйтеректік Наиль Стабаевқа тең келер шаңғышы табылмады.

91783517-1c4d-497f-88b4-14814713c078

Чемпионат шымылдығын 35 жастан асқан әйелдер жапты. Бұл сында оралдық Елена Хромцова алына жан салмады.

Шаңғы жарысынан облыс жастар мен жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Серік Хайруллиннің айтуынша, жарыстың алғашқы күні түтеген боран салдарынан Бөрлі ауданының спортшылары келе алмапты.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале