14.02.2024, 17:15
Оқылды: 299

Оқу-тәрбие процесі құндылықтарға бағдарланған

«Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы аясында 2023 жылдың шілде айында «Мектеп басшыларының кардлық резерві: әлеуеті мен даму стратегиялары» біліктілікті арттыру курсының алғышқы деңгейі басталды.

eeb5d7d9-d0be-4128-9b65-3820aad10889

Үш деңгейлік курс барысында кәсіби деңгейімізді өсіріп, білімімізді толықтырдық. Әр кезеңнен кейін тест тапсырып, рефлексифті есеп жазылып біліктілігіміз сыналды. Барлық дейгейден сәтті өтіп, сертификат алдық. Кардлық резерв тізіміне ену және басшы-көшбасшы мәртебесін алу біз үшін үлкен жетістік.

Курс бағдарламасы мазмұны өте ауқымды. Базалық деңгейде педагогикалық ұжымды басқарудағы стресс-менеджмент, тайм-менеджмент, қақтығыстарды басқара білу басқа да мектеп басқарудағы маңызды мәселелер қамтылды.

 Бұл деңгей педагогтердің тиімді кәсіби әріптестігін ұйымдастыру бойынша басқарушылық, рефлексиялық дағдыларды қалыптастырады. Оқу-тәрбие процесін құндылықтарға бағдарланған тәсілдеме негізінде жүзеге асыру бойынша білім мен дағдыларды меңгердік.

Ілгері деңгейде жеке имидж, мектеп бренді, мектептегі әдістемелік жұмысты басқару моделі, педагогтердің кәсіби дамуын жүзеге асыру, цифрлық трансформация, кард саясаты тақырыптары аясында білім алып, менеджмент саласындағы кәсіби дағдыларды меңгердік.

Мектеп басқарудағы алған білімдерімізді «Заманауи мектепті басқару» симуляторында қолданып көрдік. Кәсіби деңгейде мектептің даму деңгейіне аналитикалық талдау жасап, өзгерістерді басқару модельдерімен жұмыстануды, стратегиялық даму жоспарын жасауды үйрендік.

Қаржылық, құқықтық құзыреттілігімізді арттырып, әріптестік, қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру, командалық жұмысты ұйымдастыру модельдерін меңгердік.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен тағылымдамадан қоржынымызға алғанымыз көп. Оқу мен тәрбие берудегі көп жылғы тәжірибиемен бөлісті.

Қаңтардың 30-нан бастап Бәйтерек ауданы Жайық мектебіне директорлық қызметке тағайындалдым. Ендігі міндетім білім берудегі өзгерістер көшбасшысы болып, мектебімізді дамытып, еліне қызмет ететін, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген креативті түлектерді дайындау.

Айнұр Бисенова,

Жайық мектебінің директоры

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале