Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Фото: ktf.kz
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен қазақстандық теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоудың меселін қайырды. Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2. Құламбаева – Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.