20.02.2024, 15:00
Оқылды: 52

Батысқазақстандық жас таеквондошылар ел чемпионатында үздік бестікке енді

15-18 ақпан күндері Атырауда GTF таеквон-додан жастар мен ересектер арасында ел чемпионаты өтті.

8CA9E6FB-F20E-4D55-8B58-F4A0885BCF91

«Атырау» спорт кешенінде ұйымдастырылған додада елдің әр аймағынан барған 400-ге жуық спортшы бақ сынады. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан ғаламдық таеквон-до федерациясы хабарлады.

Облыс намысын қорғаған таеквондошылар үздік нәтиже көрсетіп, командалық есепте бесінші орын иеленді.

DFA34C10-3497-4512-9630-68EB6FB71EC5

Атап айтсақ, жастар арасында Аруана Қайырғалиева массоги бағдарламасы бойынша (58 келі) І орын, Айдар Мантаков массоги бағдарламасы бойынша (46 келі) І орын, Гүлназ Темірхан массоги бағдарламасы бойынша (40 келі) ІІ орын, стоп балл бағдарламасы бойынша ІІ орын, Жұлдыз Сабырғалиева массоги бағдарламасы бойынша (46 келі) ІІІ орын, стоп балл бағдарламасы бойынша ІІ орын, Даниал Қадыржанов (58 келі) стоп балл бағдарламасы бойынша ІІІ орын, Алия Ақдәулетова стоп балл бағдарламасы бойынша (76 келі) І орын, хьенги бағдарламасы бойынша ІІІ орын, Нұрхан Сахиев стоп балл бағдарламасы бойынша (76 келі) І орын, массоги бағдарламасы бойынша ІІІ орын, хьенги бағдарламасы бойынша ІІІ орын иегері атанды.

F5792A93-55F9-4E97-B9F2-F5F96A0724EA

Сонымен қатар жерлестеріміз Айдар Мантаков, Аруана Қайырғалиева және Алия Ақдәулетова үздіктерге арналған кубок иегерлері атанды.

Спортшылардың жаттықтырушысы – қара белбеу иегері, ҚР спорт шеберіне үміткер Нұрхан Сахиев.

zhаikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале