Білім беру саласындағы маңызды өзгеріс – педагогтерді аттестаттаудың жаңа Ережесін жүзеге асырудың мүмкіндіктері кеңінен талқыланып жатыр.

Оралдағы «Өрлеу» институтында 29 ақпан мен 11 наурыз күндері облыстық білім басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен аттестаттау қағидаларына енген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Батыс өңірінің барлық педагогына арналған офлайн және онлайн 13 кездесу ұйымдастырылды.

Отырысты Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Орал "Өрлеу" филиалының директоры Софья Измуханбетова жүргізіп, ережедегі бірқатар жаңашылдықпен таныстырды.
Атап айтсақ, білім алушылардың білім сапасының динамикасы – педагог үшін қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіші, педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалысқа шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолдану мерзімі 2 жылға дейін (бұрын 1 жыл) ұзартылады.
Енді педагог портфолиясы электрондық форматта ұсынылады.
Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.
Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Біліктілік санатын растау кезінде «Педагог шебер» немесе 30 және одн да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымның педагогтері ПББ тапсырудан босатылады. Қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтауынан өтеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 10 сұрағы, басқа да басты қағидалар түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға толықтай ақпарат берілді.
Толқын Габдушева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» PR SMM маманы