16.04.2024, 17:45
Оқылды: 94

Орал қаласы: саяжай тұрғындары бейбіт жолмен тарады

  1. Бүгін Орал қаласының іргесіндегі 1,2 саяжай тұрғындары жиналып наразылық білдірді. Олар әуежайға баратын жолды жауып, суға кеткен үйлері үшін өтемақы талап етті.

дача

Себебі саяжай тұрғындары үшін қазір тұрып жатқан үйлері жалғыз паналайтын баспаналары. Ол суға кетсе баратын жер, басар тауымыз жоқ деген халық наразылық акциясына шығып отыр.

Оқиға орнына қала әкімі Миржан Сатқанов барды. Қала әкімі тұрғындармен сөйлесті. Кейін тұрғындар жолды ашып, тарады.

дач

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыстанды. Ешқандай күш қолдану болған жоқ, халықтың арасында құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ деп хабарлады.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале