4.05.2024, 12:46
Оқылды: 78

Оралда 16 бөбекжайдың атауы қазақшаланды

Оралда 16 бөбекжайдың атауы өзгерді. Бұл туралы Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

садик жп

Қаладағы бірнеше бөбекжайдың атауы ресми түрде қазақшаланды. Ономастикаға байланысты қоғамда жиі талқыға түскен мәселе ұлттық мүдде талабына сай өзгерді.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №46 «Орал қаласының білім саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының атауларын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес, «№3 «Елочка» бөбекжайы» - «№3 «Зерде» бөбекжайы», «№4 «Березка» бөбекжайы» - «№4 «Самал» бөбекжайы», «№8 «Сказка» бөбекжайы» - «№8 «Арай» бөбекжайы», «№12 «Аленушка» бөбекжайы» - «№12 «Бұлбұл» бөбекжайы», «№13 «Золотой ключик» бөбекжайы» - «№13 «Зейін» бөбекжайы», «№14 «Колосок» бөбекжайы» - «№14 «Алтын дән» бөбекжайы», «№16 «Лесная сказка» бөбекжайы» - «№16 «Ертегі» бөбекжайы», «№17 «Родничок» бөбекжайы» - «№17 «Ақжелкен» бөбекжайы», «№19 «Золотой петушок» бөбекжайы» - «№19 «Дарын» бөбекжайы», «№21 «Росинка» бөбекжайы» - «№21 «Алпамыс» бөбекжайы», «№22 «Колобок» бөбекжайы» - «№22 «Жұмбақтас» бөбекжайы», «№23 Круглоозёрный ауылы» бөбекжайы» - «№23 «Шамшырақ» бөбекжайы», «№24 «Солнышко» бөбекжайы» - «№24 «Күншуақ» бөбекжайы», «№25 «Снежинка» бөбекжайы» - «№25 «Тұмарым» бөбекжайы», «№32 «Колокольчик» бөбекжайы» - «№32 «Самұрық» бөбекжайы», «№33 «Орленок» бөбекжайы» - «№33 «Шаңырақ» бөбекжайы» атауларын иеленді.

zhaikpress.kz

Фото: Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале