14.05.2024, 21:00
Оқылды: 73

«Мерейлі отбасы – 2024» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Бұл туралы БҚО Қоғамдық даму басқармасы хабарлайды. 

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіліп келеді.

9841bb891c56399d749e5ddd5bc8ef0a_1280x720Сурет: gov.kz

Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Елімізде игі дәстүрге айналған жыл сайынғы үлгілі отбасылар байқауы бүгінгі таңда отбасы құндылықтарының рөлін арттырып, қоғамда отбасы мен некенің оң имиджін дәріптейтін ауқымды да маңызды оқиғаға айналып отыр. 2014 жылдан бері Республика бойынша байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының мақсаты – отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, үлгілі қазақстандық отбасын насихаттау.

Облыс бойынша 10 жылдың ішінде ұлттық байқаудың кезеңдеріне 2000 - нан аса отбасы қатысқан. Оған қатысуға ниет етушілер де жыл сайын артып келе жатыр.

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).

Байқау 2024 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).

2024 жылғы 8 қыркүйекке дейін Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі республикалық деңгейде өткізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале