Теректі ауданына өңірімізге танымал қоғам белсендісі, саясаттанушы, еңбек ардагері Табылғали Сапаров, «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің бас редакторы Нұрбек Оразаев ат басын тіреді.
Меймандар ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміровтың қабылдауында болып, сапардың мақсатымен таныстырып, ауданның тыныс-тіршілігіне қанықты. Одан әрі аудандық әкімдік залында көпшілікпен жүздесті.
Дана халқымызда «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген аталы сөз бар. Басқосу барысында өмірлік тәжірибесі мол, кезінде бірақтар басшылықта болған Табылғали Сатқалиұлы егеменді еліміздің өсіп-өркендеуі һәм бүгінгі хал-ахуалы хақында әңгіменің тиегін ағытты. Жалпы отанымыздың даму жолында қай саласында болмасын тәрбие дұрыс болмаса, еш кемшілік болмайтынын айта келе, ал сол тәрбиелеудің бірден-бір жолы – баспасөз құралы екенін тілге тиек етті.
- Бір сөзбен айтқанда, газеттің қоғамдағы рөлі мен пайдасы шаш-етектен. Басылымның қай кезде де орны орасан зор. Білгенің қайсы, білмегенмен бөліспесең. Өмірбаянымды айтып мақтануды мақсұт қылмадым, жалпақ жұртшылыққа үлгі болсын, егер тыңдар құлақ болса, жиған-тергенімді бөлісейін деген оймен келдім, – деді Т.Сапаров.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев сөз алып, келген қонақтарға ризашылықтарын білдірді.
Жолдығалидың Самалы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz