7.06.2024, 14:45
Оқылды: 71

Оралдағы жәрмеңкеде 800 жұмыс орны ұсынылды

Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыны мен «Еңбек» мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға жұмыс беруші көп келді.

596EDC63-74B2-4226-851F-0A98B261EF39

Сонымен қатар жұмыс іздеген тұрғындар мен жоғары оқу орындары және колледж түлектері қатысты.

Жәрмеңкеге келген 70 жұмыс беруші 800-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Мемлекеттік мекемелерден бөлек шарада өңіріміздің «UNISERV», «Орал трансформатор зауыты», «KazConstructionGroup», «Жайыққұрылыс», «ЗКМК», «Квант» сияқты ірі серіктестіктері, КПО Б.В, «КазПроджектОперейтинг», Сичим, «Агро Сервис Батыс», «Дина маркет» секілді ірі жұмыс берушілер болды.

Аталған шараның басты мақсаты – жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтарға екі қолға бір күрек табуына жәрдемдесу. Жұмыс іздей келген тұрғындардың ыңғайлылығы үшін облыста қандай жұмыс орындары бар екені туралы арнайы стенд ілінді. Одан азаматтар өздерін қызықтырған жұмысын тауып алуға мүмкіндік алды.

34D85091-FD34-484C-8047-382CD922A337

Сонымен қатар облыс орталығы мен аудандық мансап орталықтарынан келген мамандар оқуын аяқтаушы түлектерге «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орындары», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Күміс жас» сияқты бағдарламалар төңірегінде түсінік жұмысын жүргізді.

– Жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтардан бөлек жәрмеңкеге жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін арнайы шақырдық. Келушілер де жылдағыдан әлдеқайда көп. Шыны керек жұмыс істеймін деген жастарға қазір мүмкіндік көп. Әсіресе, «Ұрпақтар келісім шарты» бағдарламасы жастардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жәрмеңкенің басты мақсаты да ел болашағы саналатын жастарды жұмыссыз қалдырмау, - дейді «Еңбек» мобилділігі орталығының басшысы Саян Баймұханов.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале