20.06.2024, 11:31
Оқылды: 66

Ғаламтор алаяқтарына арбалып қалмаңыз! – Аслан Айтмұханов

Интернет арқылы сауда жасау, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу және құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерінің немесе басшысының фотосуреттерін уатсап желісіне орнатып, бопсалау арқылы өздерінің арам пиғылдарын жүзеге  асыру, міне, интернет алаяқтықтың осындай түрлері бүгіндері ел ішінде жиі ұшырасады.

CBF981A0-697A-4521-84A2-1F9B426F7F33

Ғаламтордың (интернеттің) мүмкіндігін қылмыстық-жымысқы ниеттерін жүзеге асыру үшін пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарыпжаңғырып отырады.

Биылғы жыл басталғалы бері Орал қалалық полиция басқармасына қарасты Абай полиция бөлімінде 30 интернет алаяқтық қылмысы тіркелді. Соның үшеуі ашылды. Әлгіндей заңға қайшы әрекеттердің кесірінен азаматтарға 116 646 812 теңге қаржылай зиян-залал келді. Былтырғы  жылмен салыстырғанда ин­тернет алаяқтық 35 дерекке  кемігенімен, бұл бағыттағы сақтықты күшейткен абзал.

Ең көп шығын келтірілген интернет алаяқтық дерегіне тоқтала кетсем, ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Абай полиция бөліміне С. есімді азаматшадан арыз түсті. Ол  өз арызында белгісіз біреу оның абоненттік нөміріне ха­барласып, өзін ҰҚК қызмет­кері ретінде таныстырып, оның атына несиеге өтінім  берілгенін айтып, сол несие­ге берген өтінімін қайта тоқтату үшін және банк есепшотының қауіпсіздігін қам­тамасыз етемін деп алдап, 20 500 000 теңге ақшасын иемденіп кеткен.

Жәбірлену­ші – Орал қаласындағы бір мектептің қызметкері. Соны­мен қатар байланыс опера­торы қызметкері болып ха­барласып, абоненттік нөмір­дің пайдалану уақытының  біткенін айтып, құпия код  жіберіп несие рәсімдеу дерек­тері де жиілеп тұр. Осы тұр­ғыда айтқым келетіні, або­ненттік нөмірлердің шектеу­лі мерзімі болмайды. Бұл – алаяқтардың өзгенің ақша­сын иемдену үшін ойлап тапқан арам амалдарының бірі.

Полиция қызметкерлері алаяқтық деректері туралы, оның алдын алу, одан сақтану жөнінде ұдайы ескертіп келеді. Алайда соған қарамастан өңірде интернет алаяқтарының құрбанына айналып жатқандар көп. Әсіресе, өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырғандарға алдану соңғы кезде жиілеп кетті. Интернет алаяқтықтың бұл тәсілінің де өзіндік желісі бар. Алдымен қылмыскер жәбірленушіге хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады.

Содан кейін ол жәбірленушіге оның атындағы есепшотқа шабуыл жасалғаны, болмаса төлем картасындағы немесе депозиттегі қаржысын біреулердің жымқырмақ болғанын айтып, кейін оны өзі айтқан «қауіпсіз есепшотқа» аудартып алады». Алаяқтар құрбандарына хабарласқанда «TeamViewer» немесе «AnyDesk» деп аталатын арнайы бағдарламаларды жазып алуға кеңес береді. Ал қылмыскердің әр сөзіне сеніп отырған адам мұны бір минутқа жеткізбей телефонына жүктеп алады. Бағдарламалар жүктелгеннен кейін ғаламтор алаяқтары «банктің қауіпсіздік қызметкері» кодын жібереді де, соны енгізу қажеттігін айтады. Осыдан кейін алаяқ өздігінен жәбірленушінің құрылғысына қашықтан кіру мүмкіндігіне ие болады.

Мәселен, ұялы телефондағы банк қосымшасына кіріп бүкіл қаржыны басқара алады, депозиттегі ақшаны толығымен ала алады, тіпті кез келген  банктен онлайн-несие рәсімдей алады. Ақша түскеннен кейін бүкіл қаржыны өзінің қауіпсіз шотына аударып жіберу олар үшін аса қиын емес. Осы орайда азаматтарға күдікті нөмірлерден қоңырау, хабарламалар немесе бейне-қоңыраулар келіп түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатып, бірден банкке хабарласуға кеңес беремін. Егер белгісіз біреулер хабарласып, қандай да бір банктің атын атап, банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәліметтерді сұраса, ең алдымен, сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған жөн. «Ғаламтор  алаяқтығы мені айналып өтеді, мен оларға алданатындай ақымақ емеспін!» деп өзіңізге әсіре сенімді болып, өкініп қалмаңыз! Жоғарыда айтып өткенімдей, интернет алаяқтары өздерінің айла-шарғыларын жиі жаңартып, түрлен­діріп отырады.

Аслан Айтмұханов,

Абай полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале