20.06.2024, 14:30
Оқылды: 100

Сырымда облыстағы самбо күресінің негізін қалаушыға арналған дөңгелек үстел өтті

Облыста самбо күресінің негізін қалаушы, тұңғыш бапкер, «ҚР дене шынықтыру және спортты  дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің  иегері Тарих Төлегеновтың спорт саласындағы қол жеткізген жетістіктері, әріптестерімен өткізген әр жылдардағы естеліктері жөнінде бапкердің шәкірттері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

D300E8C0-85C8-4159-A6C8-42050DB9483F

Алғабас ауылындағы мәдениет үйінде өткізілген   дөңгелек үстелге ауылдық округтің әкімі, кезінде  Тарих Төлегеновтен дәріс алған жастардың бірі  Өркен Әменов, «Ер Тарих» атты кітапты жинақтап, баспадан жарық көруіне ұйытқы болған шәкірті Ғайса Бекмұханов, зейнеткер ардагерлер, спортшы Ғилаж Қаналиев, Төлеген Есмұханов, ардагер ұстаз Саламат Қаналиев, Мүсірбек Айташев қатысты.

   

Өзара әңгіме-дүкен барысында бапкер Тарих Төлегеновтың дара тұлғасы, адами қасиеті, жастарға қамқорлығы сөз болды.

Ауылдық мәдениет үйі ішінде орналасқан халыққа танымал суретшілердің Тарих Төлегеновке арналған туындыларына назар аударылып, өткен жылдардан сыр шертетін суреттерге шолу жасалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жерлес бапкер, спорт ардагері Тарих Төлегеновке мәдениет үйі  ішінен арнайы бұрыш ашылса деген тоқтамға келді.

Ал оның халық үшін де, жастар үшін де маңыздылығы зор болмақ.

Әрі бұл қадам спорттағы жарық жұлдыз Тарихтың есімі тарихта алтын әріппен жазылып қалады деген сөз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале