24.06.2024, 13:00
Оқылды: 269

БҚО-да жыл басталғалы менингококк инфекциясының екі жағдайы тіркелді

БҚО-да биылғы жылдың бес айында менингококк инфекциясының екі жағдайы тіркелген. Ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалып отыр. 2023 жылдың осы кезеңінде менингококк инфекциясының бір жағдайы тіркелген. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.

788609C9-8138-432C-96DE-F672BC5AB56E

«Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitides бактериясы тудыратын жіті жұқпалы ауру.  

Ауру ауа тамшылары арқылы беріледі (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Менингиттің алғашқы белгілері спецификалық емес, қарапайым суыққа ұқсас (температураның көтерілуі, бас ауруы) болады. Аурудың егжей-тегжейлі көрінісі пайда болған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгінбесе, өлім-жітім 50%-дан асады.

Негізгі клиникалық көріністерге мыналар жатады: дене температурасының 39,0°С және одан жоғары күрт көтерілуі, төзімсіз бас ауруы, жеңілдік әкелмейтін алдын ала жүрек айнуынсыз құсу, геморрагиялық бөртпе, мойын бұлшықеттерінің кернеуі, тыныс алудың бұзылуы, тежелу, сананың шатасуы. Басқалар үшін инфекция көзі ауру немесе белгілері жоқ тасымалдаушылар болады», деді маман өз сөзінде.

Менингококк инфекциясының алдын алу мақсатында келесі ережелерді сақтау ұсынылады:

1) аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, асқынып кетуді болдырмас үшін дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Өз-өзіңізді емдеуге болмайды

2) адам көп жиналатын орындарға бармау керек

3) ауырып қалмау үшін және айналадағы адамадарға ауру жұқтырмау үшін мұрын-жұтқыншақтарындағы жіті және созылмалы ауруларды (фарингит, назофарингит, тонзилит, ларингит) уақтылы емдеу керек

4) таза ауада серуендеу қажет

5) витаминдермен, микроэлементттермен байытылған толыққанды және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммуниттің жоғарлауына әсер етеді

6) үй-жайларды жиі желдету, күніне кемінде екі рет дымқылды тазалау жүргізу керек

7) жөтелген, түшкірген кезде бір реттік орамал пайдалану керек. Қолорамал болмаған жағдайда – «шынтаққа» жөтелу және түшкіру қажет.

8)қолды сабынмен мұқият жуу қажет

9) кішкентай балаларға күтім жасау кезінде тек оларға арналған жеке ыдыс-аяқты пайдаланып, баланың ыдыстарын мұқият жуу және зарарсыздандыру міндетті

10) ересек адамның шырышты қабатының микрофлорасымен ластанбауы үшін ересектерге балалардың емізіктерін жалауға болмайды

11) қандай да бір катаральды белгілер пайда болған кезде балалар мен жақын адамдарыңызды сүюден аулақ болған жөн

   

Өкінішке орай, көп ата-аналар аурудың қанашықты қауіпті екендігін білмейтіндіктен білікті медициналық көмектен бас тартады.

Менингококк инфекциясы ауруының кенеттен басталуын және ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше ертерек дәрігерге жүгіну қажет.

Айта өтейік, менингит қауіпті инфекциялардың ондығына кіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале