23.07.2024, 17:15
Оқылды: 138

«Ауыл аманаты» – талап қылғанға табыстың кілті

Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоқжанов сенбі күні облыстық мәслихат ғимаратында аудан және ауыл әкімдерімен кездесті. Жиында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен ауыл шаруашылығына қатысты түрлі ой-пікірлер, ұсыныстар айтылды.

898FB53D-4C8F-4152-B1D0-E863E651BB5C

Жалпы «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл халқының әл-ауқатын көтеру үшін оларға кәсіпкерлік бағытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Бұл ретте әр аудан немесе ауылдық округ тұрғындары әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік алып, төмендетілген пайызбен несие алу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және басқа тауарлар мен қызмет көлемін арттыру мақсатында жұмыстанып жатыр. Былтыр, яғни 2023 жылы аталған бағдарлама аясында облысқа бөлінген 6,4 млрд теңге бюджеттік кредит қаражаты толығымен игерілген. Осы қаржы есебінен 742 шағын несие беру жоспарланса, нақты 992 шағын несие беріліп, 1136 жаңа жұмыс орындары құрылған. Бұл жөнінде жиынның тізгінін ұстаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауыл-дық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы-на сәйкес бүгінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Бұл ретте биылғы жоспар осы жиында талқыланады. Мұндағы негізгі мақсаттардың бірі –  кооперацияны дамыту. Сондықтан тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға ко-оперативке бірігу арқылы қол жеткізудің артықшылықтары түсіндірілуде. Қазіргі кезде бұған ауыл тұрғындарының қызығушылықтары артып келе жатқаны байқалады. Ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеру мақсатындағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде кеңестер беріліп жүргені өздеріңізге мәлім. Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасымен қатар «Ауыл – ел бесігі», «Жастар практикасы», «Жұмыс орындарын субсидиялау», «Қоғамдық жұмыс» жобалары іске асырылуда, – деген өңір басшысы Н. Төреғалиев ауылдық жерлерде жұмыс күшінің тапшы-лығын жою мақсатындағы «Қаладан ауылға!» пилоттық жобасын атап өтті. Бұл 2024-2026 жылдарға арналған жоба үш бағыттан тұрады. Жоба шеңберінде биыл 12 ауданның ауылдық елді ме-кендеріне 120 отбасын көшіру жоспарланса, бүгінде 34 отбасы көшіп үлгерген.

Жиын барысында алдағы  уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге ірі сауда нүктелері мен жәрмеңкелерден бөлек өңірдегі мұнай өңдейтін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б. в.» компаниясы да атсалысатыны айтылды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы мен «ҚПО б. в.» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Николла Аллегро осы жөніндегі меморан-думға қол қойды.

Аталмыш компанияның бас  директорының орынбасары Мұх­тар Манкеев жергілікті та­уар өндірушілердің өнімдерінің көптеп өтуіне күш салатынын және келісім кәсіпорынға да пайдалы болатынына сенетінін жеткізді. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев жергілікті шаруалар үшін қолайлы келісімнің бағдарлама аясында кәсіп ашамын деген ауылдықтарға жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті. Демек, бұл – бағдарлама шеңберінде кәсіппен айналысқандардың тауарларына тұтынушы табылды деген сөз.

мади салык6

– Зауыттарымыз осы өңірде орналасқандықтан жергілікті сапалы өнімді пайдалану немесе тұтыну біз үшін тиімді болатыны анық. Бұл мәселенің де қос тарапты қуантатындай шешімі табылды. Ал-дағы уақытта ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова осы келісімнің барлық тарапқа ұтымды тұстары бар екенін, әрі қарай нәтижесіне сенетінін айтты. Сондай-ақ ол елімізде ірі кәсіпорындар-дың көптігін, солардың бәрінде де сапалы азық-түлікке сұраныстың жоғары болатынын атады. Осы жұмыс тәжірибесі сол өзге өңірлердегі кәсіпорын, өндіріс ошақтарына үлгі болатынын жеткізді.

Ретті жерінде айтайық, ҚР Премьер-министрінің орынба­сары Тамара Дүйсенова мен Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоқжанов өңірдегі бірнеше ауданды аралап, ондағы ауыл шаруашы-лығы кооперацияларының табысты тәжіри­бесімен танысты. Соның арасын­да Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылындағы 227 отбасының барлығы «Жеңіс Ерхан» ко-оперативіне бірігу арқылы шаруаларының жүйелене түскеніне  куә болды.

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоқжанов бүгінде ауылдарға адамдарды қоныстандыру және ауылдықтардың туған мекенін тастап кетпеуі үшін тиісті жағдай жасау керектігін сөз етті. Со-нымен қатар өзге елдерден немесе аймақтардан сатып алынатын азық-түліктер мен тағам өнім-дерін мүмкіндігінше жергілікті жерде өндірудің ретін табуды ұсынды. Өйткені онда артық шығын бар және тасымалдаудың өзі де кәдімгідей  мәселе  екен.

– Батыс Қазақстан облысында өзге өңірлерге үлгі қылып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын осы сапарымызда көріп, аудандарға арнайы барып таныстық. Мәселен, мұнда жоғары-да атап өткен бағдарлама бойынша сүт өндірудің деңгейі біршама жоғары екенін айтуға болады. Алайда осындай озық жұмыстың нәтижесінде келген кіріс өндірілмей жатқан тағам түрлерін сатып алуға жұмсалып кетпей ме деген сұрақ туындайды. Бұл ретте облыстағы экономика және қаржы басқармалары бірлесе жұмыс істеуі керек, – деп ойын ортаға салды Ералы Лұқпанұлы.

мади салык7

Сонымен қатар ол «Тауарлық несие» жобасының тиімді тұстарын атап өтті. Бұл жоба аясында жергілікті мүмкіншілігі бар азаматтар еңбекке құлшынысы бар тұрғындарға малдарын бөліп беру-де. Барлық аймақтар мен облыстарда қазіргі кезде дәл осындай жұмыс тәжірибесі жақсы нәти-жесін беріп, тараптар келісіммен жұмыс істеп жатыр. Яғни, «Тауарлық несие» арқылы мал алған адам  5 жыл ішінде иесіне келісілген құнын өтеуі қажет. Ол өзі сол жылдар аралығында еңбегіне қарай біраз пайдаға кенелуіне болады. Мұнда тауарлық несие берген азамат та ештеңеден ұтыл-майды екен. Айта кетейік, облыс бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына тауарлық несие беруде 2023 жылдан бастап жұмыстар жүйелі атқарылуда. Мәселен, былтырдан бері өңірдегі ша-руа қожалық және жеке кәсіпкерлер арқылы 118 отбасыға 310 бас мүйізді ірі қара, 98 отбасыға 617 ҰМҚ, 3 отбасыға 6 бас жылқы және тағы да 118 отбасыға 5320 бас құс демеушілікпен беріл-ген. Осы ретте Ақтөбе облысынан келген Шалқар ауданындағы «Нұралы» шаруа қожалығының жетекшісі Кәмшәт Төлеуова мен Мәртөк ауданына қарасты Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов өздерінің жұмыс тәжірибелерінен мысал келтіріп, тауарлық несиенің артықшы-лықтарын түсіндірді.

Облысқа жұмыс сапарымен келген Тамара Дүйсенова жиын соңында облыстағы атқарылып жатқан жұмыстардың бағыты дұрыс екенін жеткізіп, оң бағасын берді. Ол ауыл шаруашылығында әр облыс мүмкіндігіне қарай жұмыс істей алатынын айтып, оларды бір-бірімен салыстыру аса қажет емес деген тұжырымға тоқтады. Алайда ол іс-тәжірибе алмасып тұрудың, жаңа дүниелерді сынап көрудің пайдасы зор деп есептейді. Қандай жоба болса да бірінші кезекте ауыл халқының әлеуметтік жағдайына оң ықпал етіп, табысын арттыруға бағытталуы шарт екенін шегелеп айтты.

– Ауылдағы жастарды әлеуметтік жұмыспен қамтуға, кәсіп ашқысы келетіндерге инвестиция тар-туға аудан және ауыл әкімдері жауапкершілікпен қарап, әр кез талпынып тұрса, халықтың күнкөріс деңгейі жақсы болады деп ойлаймын. Ауылдың даму бағдарламалары бойынша жергілікті басшылар жүйелі жұмыстанып отырса, дұрыс көрсеткіштерге жете аламыз. Жалпы ха-лықтың табысын арттырудың үш негізгі бағыты бар. Соның ішінде жұмысқа тұру, еңбек­ақы алу бойынша бос немесе жаңа жұмыс орындарын ұсыну көзделеді. Келесі өз кәсібін ашу, табыс табу бағытында субсидия, жеңілдетілген несие, қайтарымсыз грант берілуі керек. Одан кейін әлеуметтік жұмыс орындарына тартылу бойынша жастар практикасы, қоғамдық жұмыс дегенді ескеріп, сол бағытта қолдау білдіру маңызды, – деген Тамара Босымбекқызы батысқазақстандықтардың алдағы істеріне береке, табыс және сәттілік тіледі.

Аманжол Исламғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале