7.08.2024, 17:00
Оқылды: 122

Оралда әскери бөлімде әдеби кеш өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің жеке құрамында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Сыр сүлейі, жыр дүлейі» атты әдеби кеш өткізілді. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

41FB933A-5D5A-4FE5-A8E6-0858012BD2AA

Кеш барысында қазақ әдебиетінің көрнекті, талантты өкілі Әбділда Тәжібаевтың өмір жолы туралы айтылып, сарбаздарға бейнематериал көрсетілді. Оның поэзиясы, ұлттық драматургия, зерттеу еңбектері мен сын мақалалары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар ақынның «Қазақстан», «О, туған тіл», «Сырдария» т.б. өлеңдерін сарбаздар мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды.

F2FE6F59-AE19-44F4-A9A2-48D12418AF13

Әбділда Тәжібаевтың шығармасы өзіндік ерекшелігімен, ой байлығымен танымал. Ол тынымсыз еңбек етіп, заман мен болмыс рухын жан-жақты көрсететін тұтас бір дәуірдің мол көркем мұрасын қалдырған тұлға.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале