Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде «Ақынның аты өлмейді» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ ҰҰ «Батыс» ӨңҚ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақ әдебиетінің қара сөз шеберінің 179 жылдығына арналған бұл шараның басты мақсаты – әскери қызметкерлерге ақын туралы тағылымды білім беру.
Аталмыш кеш барысында ақынның өлеңдері ұлықталып, әндері шырқалды.