23.09.2024, 14:45
Оқылды: 206

БҚО-да жыл басынан бері 27 адам көкжөтелмен ауырған

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын, ауа тамшы жолымен жұғатын, спазмды ұстамалы жөтелмен білінетін жедел инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

28E9684B-52B3-4065-9E22-B5702A7C8C28

Сурет: freepik.com

«Инкубациялық кезең алты күннен 20 күнге, алғашқы немесе катаральды кезең 14 күнге дейін, ұстамалы жөтелдің пароксизмалды және инспираторлы ентігу кезеңі бір ай және одан да көп кезеңге созылады.

Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:

  • дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;
  • әлсіздік, бұлшықеттердің «сырқырауы», бас ауруы;
  • мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.

Жөтел ұстамасы кезінде науқас қиналып, беті қызарып, құсады және тыныс алуы тоқтап қалуы мүмкін. Көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін.

Облыс бойынша көкжөтелдің расталған 27 жағдайын тіркелді. Ауырғандардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалардың арасында тіркелді (26 жағ), ересектер арасында 1 жағдай тіркелді.

Соның ішінде Орал қаласында 19 жағдай, Байтерек ауданында төрт жағдай, Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында екі жағдайдан тіркелді.

Көкжөтел ауруы вакцинамен басқарылатын аурулардың қатарына жатады, ауырған балалардың барлығыда – ауруға қарсы екпе алмағандар», - дейді маман.

Көкжөтелдің қалай алдын алуға болады?

Бүгінгі таңда көкжөтелдің алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы – міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау саналады.

Екпе бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді.

Вакцинация аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 2 айда, 3 ай, 4 ай және 18 айда жүргізіледі.

«Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда!», - дейді Нұрлыбек Ермекұлы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале