10 қазанда Қаратөбе аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша брифинг өтті.
Жиынға төрағалық еткен сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова ағымдағы жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.
Ауданда қылмыстық істер бойынша 9 айда барлығы 13 тұлғаға қатысты 13 қылмыстық іс түсіп, 11 тұлғаға қатысты 11 айыптау үкімі шығарылған. Бір іс медиация тәртібімен тоқтатылған. Бір тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылыпты.
Аяқталған 13 қылмыстық іс дыбыс-бейнежазба құралын қолданумен қаралған.
Брифинг барысында азаматтық істер мен әкімшілік істерге тоқталған сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова:
- Аталған мерзімде азаматтық істер бойынша 65 талап арыз түсті. Кері қайтарылған, қабылдаудан бас тартылған талап арыз болған жоқ.
3 іс ҚР АПК-нің 34 бабының 2 бөлігінің 3 тармақшасына сай, соттылығы бойынша қарауға жолданды.
60 азаматтық іс негізінен қаралып, 15 сот бұйрығы, 28 шешім шығарылды, 14 іс тоқтатылды.
Тоқтатылған 14 істің ішінен - 1 іс ҚР АПК-нің 277 бабының 4 тармақшасына сәйкес, яғни талапкердің талап арыздан бас тартуына байланысты, ал 13 іс медиация тәртібімен тоқтатылды.
Әкімшілік істер бойынша есепті кезеңде 179 әкімшілік іс түсіп, қаралды, оның ішінде 4 тұлғаға ескерту, 37 тұлғаға айыппұл ретіндегі жаза, 94 тұлғаға қамау түріндегі жаза, 13 тұлғаға автокөлік жүргізу құқығынан айыру, 33 іс сот өндірісінен қысқартылды,- деп сот жүйесінің деңгейін одан әрі ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті.
Серікбай Хасанов