26.09.2024, 17:30
Оқылды: 128

Орал қаласы тұрғындарының басым бөлігіне референдумға шақыру қағазы таратылды

Бүгінде 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға дайындық қызу жүргізіліп жатыр.  Орал қаласының аумақтық референдум комиссиясы облыс орталығындағы 130 учаскелік референдум комиссиясын аралап, олардың саяси науқанға дайындығын пысықтап жатыр. УРК төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары арнайы емтиханнан өткен болса, бүгінде комиссия мүшелері тест тапсыру үстінде. Бұл туралы Орал қалаласы аумақтық референдум комиссиясынан хабарлады.

2C1C11BD-AEE1-4D17-8DE4-D4D3F10BAE6A

Сонымен қатар шаһар тұрғындарының басым бөлігіне референдумға шақыру қағаздары жеткізілді.

– Жасым 81-де. Осы кезге дейін еліміздің ертеңі үшін маңызды бірде бір саяси науқаннан қалып көргенім жоқ. Ұл-қыздарым мен немерелеріме де елдің, облыстың қоғамдық өміріне етене араласу керектігін үнемі айтып отырамын. Денсаулығым сыр беріп қалмаса алдағы референдумға да қатысып, өз таңдауымды жасаймын. Шақыру қағазын үйіме жеткізген комиссия мүшесіде референдум және оның ел үшін маңыздылығы туралы қысқаша айтып өтті. Қажет болған жағдайда шақыруда көрсетілген телефонға хабарласып, өтініш беріп, үйден де дауыс бере алады екенмін. Менің ойымша, Қазақстан атты бейбіт елді мекендеген әрбір тұрғын жасына, нәсіліне, діні мен діліне қарамастан елдің ертеңі үшін өз таңдауын жасау керек деп санаймын, - дейді Сейтек көшесі, №2 үйдің тұрғыны Ралия Латыпова.

A5DA687A-7E1C-40F9-8522-7A446FC7035D

C003314B-0667-436E-A984-CE665CCB6DDC

D1607955-4F56-4C81-97A3-0FE2612E2A27

744E8238-EE5E-4D73-81D6-6C3389815AB2

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале