Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Ернар Ильясов аудандық аурухананың ұжымымен кездесіп, медицина мекемесінде ұзақ жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Жансауле Отарбайқызы мен Нұрлан Нағымұлын 60 жас мерейтойларымен құттықтады.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары мерейтой иелеріне аудан әкімінің құттықтау хатын табыстап, олардың көп жылғы адал еңбектеріне алғыс білдірді.
Жансауле Отарбайқызы ұзақ жыл бойы бухгалтерия саласында еңбек етіп, аудандық ауруханада қаржы жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне үлес қосты. Ал Нұрлан Нағымұлы 2021 жылдан бері аурухананың әкімшілік-шаруашылық бөлім меңгерушісі қызметін атқарып, мекеменің күнделікті жұмысының қалыпты ұйымдастырылуына атсалысып келеді.

Еңбек жолын адалдық пен жауапкершілікке негіздеген азаматтардың кәсіби тәжірибесі мен көп жылғы еңбегі — кейінгі буынға өнеге.
Нәзік Сламбек,
Қазталов ауданы