7.11.2024, 0:00
Оқылды: 81

Оралда студенттерге шағын несие рәсімдетіп, ақшасын тартып алған күдіктілер ұсталды

Орал қаласында полицейлер студенттерге қырғидай тиіп, ақша бопсалаушы күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Патрульдік полицейлер Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, екі студентті қорқытып, 150 мың теңге шағын қарыз ресімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны өз есеп шоттарына аударған адамдарды ұстады.

"Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды"- деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале