11.11.2024, 15:00
Оқылды: 46

Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды

Жоғарғы Сот Төрағасының Өкімімен Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа судья-үйлестірушілері тағайындалды деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. 

- Әкімшілік іс жүргізу бойынша Аслан Тукиев (ЖС Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы). 

тукиев

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

- қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша Еркеш Мәукен (ЖС судьясы). 

- азаматтық сот ісін жүргізу бойынша Марина Боровик (ЖС судьясы).

Оларға Коммуникация бөлімімен бірлесе отырып, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңарулар, сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби қызметі туралы қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

БАҚ-пен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл тәсілдерін қайта қарауды талап ететін белсенді коммуникациялардың жаңа шындықтарын ескере отырып, мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылды:

- БАҚ-қа ашық сот процестеріне қолжетімділік және жабық сот отырыстарында қаралған істер бойынша БАҚ-қа сапалы ақпарат беру;

- үйлестіруші-судьялар мен соттардың баспасөз қызметтерінің біліктілігін арттыру;

- заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, БАҚ-пен өзара байланыс орнату және т.б.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале