Өткен жыл соңында өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында баяндама жасады.

Ауыл шаруашылығы – ұлттық экономиканың негізгі құрамдас бөлігі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығын кәсіп ретінде таңдаушылар саны жыл сайын артып келеді.
– Ауданда 1 228 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді (оның ішінде 1 132-сі – мал шаруашылығы, 96-сы – өсімдік шаруашылығы). Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артты. Былтыр жыл басынан бергі ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі – 30 млрд 896 млн теңгені құрады. Бұған қоса өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына 1 млрд 201 млн теңге инвестиция тартылды, ал шаруалар 1 млрд 989 млн теңге субсидия алды. Сондай-ақ мал басы мен өнімділігі бойынша тұрақты өсім байқалуда. Мәселен, ірі қара – 72 664, қой мен ешкі – 22 858, жылқы – 52 796, түйе саны – 241. Мал шаруашылығы өнімдерінің де көрсеткіштері өсуде. Мысалы, ет өндірісі – 1,7%ға, сүт өндірісі – 1,5%-ға, жұмыртқа өндірісі 1,4%-ға артты. Ауданда асыл тұқымды шаруашылықтар саны жылдан-жылға артып келеді, оның ішінде шаруалар асыл тұқымды ірі қара, жылқы, қой өсірумен айналысуда. Шаруашылық құрылымдары техникаларын жаңарту жұмыста-рын да белсенді жүргізуде. Соңғы он жылда 1 182 дана техника сатып алынса, оның 616-сы – трактор. Зама-науи техника үлесі соңғы 10 жылдағы сатып алынған техниканың 47,7%-ын құрайды. Ауданда өсімдік шаруашылығын дамытуда суармалы егістікке ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үш жылда 13 дана жаңбырлатқыш құрылғы орнатылып, 925 гектар егістік суарылуда. 2024 жылы 3 577 гектар алқапта көктемгі егіс жұмыстары жүргізілді, – деді аудан басшысы.
Шағын және орта бизнесті дамыту – экономикалық өрлеудің және әлеуметтік жаңғырудың негізгі құралы. Ауданда 2 334 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл 2023 жылғы көрсеткіштің 94%-ын құрайды. 2024 жылдың 1 қарашасында негізгі капиталға 6,5 млрд теңге инвестиция тартылған, соның ішінде 4,7 млрд теңгесі – бюджеттік қаражат, 1,9 млрд теңгесі – жеке инвестиция. Ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған жоспарға сәйкес былтыр 537 млн теңгеге 5 жаңа жоба іске асыры-лып, 33 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгіндері тағы 6 жоба (балабақша, монша, мейрамхана, сауда орны, мал бордақылау алаңы) жүзеге асырылуда. Жобалар іске қосылған жағдайда өңірге 1,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 100-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ауыз су мәселесі – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Былтырғы жылдың ішінде ауылдарға таза ауыз су жеткізу жұмыстары жо-спарлы түрде жүргізілген. Аудандағы 45 елді мекеннің 37-сі (93,3%) су құбырлары арқылы ауыз сумен қамтылған, ал 5 елді мекенде кешенді блок модульдер орнатылған. Былтырғы желтоқсан айында Қабыл ауылында ауылішілік құбырлар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба құны – 444,1 млн теңге. Мердігер мекеме – «ПМК-117» ЖШС. Тінәлі, Үштөбе және Тоған ауылдарын таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілу-де. Тінәлі ауылындағы су құбыры құрылысы аяқталып, құжаттары рәсімделуде (жоба құны – 155 млн теңге). Тоған ауылында кешенді блок-модуль орнатылып, Үштөбе ауылында ұңғыма қазылып, блок-модуль орнатылған. Бұдан бөлек аудан бойынша табиғи газбен қамтылу мәселесі толықтай шешілді. Қадырқұл ауылына газ құбыры жүргізілген, бірақ тұрғын үйлерге тартылмаған. Осы мәселе бойынша жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуде. Чапаев ауылындағы кірпіш зауытының газдандыру жұмыстары 2025 жылдың басында аяқталады. Электр желілерін қайта құру жұмыстары да жалғасуда. 2024 жылы 697 электр бағанасы ауыстырылып, 44,6 шақырым электр сымы жаңартылды. Биыл да бұл жұмыстар жалғаспақ. Тұрғын үй мәселесіне тоқталған Мұрат Сердалин аудан орталығында және Чапаев ауылында жаңа 48 пәтерлі екі көпқабатты үй пайдалануға берілгенін айтты. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламасы аясында 17 адамға үй сатып алынбақ. 9 елді мекенде 39 пәтердің құрылыс жұмыстары басталып, 23 пәтердің құрылысы аяқталды.
– Аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуда жолдардың сапасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта Орал – Атырау күрежолының бойындағы ауылдардың кіреберіс жолдары жақсартылуда. Қабыршақты және Шабдаржап ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделіп, пайдалануға берілді. Мерген ауылының кіреберіс жолына жөндеу жұмыстарын бастау үшін мердігер мекеме анықталды, Атамекен ауылының жолына түзету жұмыстары жүргізілуде. Тайпақ және Бударин ауылдарында ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Чапаев және Тайпақ ауылдарындағы басқа көшелерге де жөндеу жоспарлануда. Сонымен қатар Барбастау – Ақжайық – Индер жолының құрылысы жалғасып жатыр. Өткен жылы аудандық маңызы бар жолдардың тек 24%-ы (65,5 шақырым) асфальтталды, бұл – өте төмен көрсеткіш. Осы бағытта облыстық басқармалармен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.
– Оқушыларға сапалы білім беру үшін білім беру ұйымдарының ғимараттарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Базартөбе орта мектебінің күрделі жөндеуі аяқталып, пайдалануға берілді. Ғ.Махамбетов атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары биыл басталады. Жұбан, Бударин, Тайпақ және Жаңабұлақ ауылдарының мектептері мен балабақшаларына жөндеу жұмыстары жоспарланған. Кеңсуат елді мекенінде шағын жинақты мектептің құрылысы биылғы жылға шегерілді. Алдағы уақытта Үштөбе, Жаңажол, Томпақ және Қабыл ауылдарында да жаңа мектептер салынады. Ақбұлақ, Тінәлі, Битілеу және Сайқұдық ауылдарындағы мектептерде бала саны жетіспеушілігі анықталды. «Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында бұл ауылдарға қоныс аударған отбасылар саны артуда. Битілеу ауылында 2 пәтерлі тұрғын үй салынды, Тінәлі және Сайқұдық ауылдарында тұрғын үйлер сатып алынды. Бұл бағдарлама арқылы елді мекендердегі бала санының жетіспеушілігі шешілуде. Денсаулық сақтау саласына тоқталсақ, аудан бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 8 нысанның құрылысы басталды. Оған қоса был-тыр Ақбұлақ ауылында модульдік медициналық пункт орнатылды. Базартөбе ауылындағы дәрігерлік амбу-латорияның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ақсуат ауылындағы фельдшерлік-акушерлік, Битілеу және Сайқұдық ауылдарындағы медициналық пункт нысандарының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қалған медициналық нысандардың құрылысы ағымдағы жылы аяқталмақ. Бұдан бөлек Жұбан Молдағалиев және Жанама ауылдарына жаңа медициналық нысандардың құрылысы қажет болса, Тоған (жоба құны – 71 млн тг), Мойылды (жоба құны – 69 млн тг), Қабыл (жоба құны – 70 млн тг), Самал (жоба құны – 69 млн тг), Тінәлі (жоба құны – 71 млн тг) ауылдарындағы медициналық пункт нысандары және Чапаев ауылындағы стационар бөліміне (жоба құны – 189 млн тг) күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптамадан өтті. Мұның барлығы – ел игілігіне арналған істер. Білікті медицина мамандарының тапшылығы – әлі де өзекті мәселе. Қажет мамандықтар бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы жоғары оқу орындарының басшылықтарымен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде өткен жылы 15 жас маман жұмысқа орналасты. Соның өзінде де қазіргі таңда қосымша 12 маманға қажеттілік бар (2 акушер-гинеколог, 2 хирург, кардиолог, педиатр, 2 инфекционист, реабилитолог, эндокринолог, онколог, лор). Осы ретте аудан орта-лығы Чапаев ауылы және Тайпақ ауылындағы медицина қызметкерлерінің тапшылығын ескере келе, жұмысқа орналасуға келген мамандарға осы жылы 12 қызметтік пәтер салуды қолға алмақпыз, – дейді Мұрат Аманкелдіұлы.
Еліміздің қарқынды дамуы жолында мәдениет пен спорттың қосар үлесі зор. Ақжайық ауданындағы мәдениет және спорт мекемелерінің инфрақұрылымын оңтайландыру жұмыстарын жетілдіру – басты назарда. Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта, Томпақ, Шабдаржап және Қабыршақты ауылдық клубтары апатты деп танылса, Көнеккеткен және Ақсуат ауылдарында мәдениет үйлері жоқ. Қабыршақты ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы үшін қаржы бөлініп, конкурс рәсімдері жүргізілуде. Ақсуат ауылына кітапхана мен спортзалы бар мәдениет үйін салу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, сараптамадан өткен. Көнеккеткен ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталып, іргетасы құйылса, қалған жұмыстар осы жылы аяқталады деп күтілуде. Аудан орталығында мәдениет үйі мен музыка мектебіне арналған жаңа ортақ ғимарат салу жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Осы жылы Есенсай ауылында сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Үштөбе, Шабдаржап және Томпақ ауылдарында модульді типті мәдениет үйін салу жоспарланған. Шағын елді мекендерде балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізіліп, Қамыстыкөл, Қадырқұл, Қызылжар, Үштөбе және Бітік елді мекендерінде алаңдар ашылған.
Аружан Аманжол
«Орал өңірі»