«Қазгидромет» РМК наурыздан мамырға дейінгі кезеңді қамтитын 2025 жылдың көктеміне арналған ұзақ мерзімді күн райы болжамын жариялады.
Болжамда температура көрсеткіші мен жауын-шашын туралы деректер бар.

- Наурыз - мамыр айларында күтілетін күн райының консультативтік ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, Қазақстан аумағында температуралық фон әдеттегіден жылырақ, яғни 1-2 градусқа жоғары болады. Алайда бұл ретте ауа температурасы төмен кезеңдер де болуы мүмкін, - делінген хабарламада.