Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттың бірнеше құлау фактісі тіркелді. Аталған жағдайдың мән-жайын Сыртқы істер министрлігінен сұраған едік, - деп жазады KAZINFORM.
Сурет: KAZINFORM
— БҚО аумағындағы жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Техникалық мәселелер қаралып жатыр, яғни аппарат қайдан ұшты, қайда құлады және кімге тиесілі. Құзырлы органдар мен техникалық мамандар зерттеп, анықтайды. Кейін белгілі болады, — деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Еске сала кетсек, биыл ақпанда БҚО аумағына ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас зат құлады.
Кейін Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас заттың табылуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.