Орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жалғасуда. Жүйені енгізу нәтижесінде «Ертіс орманы» резерватының аумағында 2023 жылы бір өрттің орташа ауданы 11,6 гектардан 0,1 гектарға дейін түсті.

Сурет: telegram.org
«Елімізде осындай жүйелерiмен мемлекеттiк орман қорының 1,3 млн га қамтылған. Ағымдағы жылы жүйе бюджет қаражаты есебінен «Семей орманы» резерватында орнатылады және утиль төлем есебінен 23 орман шаруашылықтарында енгізілмек. Осылайша жыл соңына дейін ерте анықтау жүйесі 5,6 млн га мемлекеттік орман қорын қамтиды», - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.