Теректі ауданының әкімі Әлия Биғазықызы Богдановка ауылының тұрғыны н туған күнімен құттықтау үшін шаңырағына барды.
Кейіпкеріміздің аз-кем өмір жолына тоқталсақ, Саргужина Хабиба Кенжеғалиқызы 1935 жылдың 15 мамырында Орынбор облысы, Сарочин ауданына қарасты Ивановка кентінде дүниеге келген. Онда бастауыш білім алған ол, жастайынан еңбекке араласып сауыншы болып қызмет еткен.
1964 жылдары Шөптікөл ауылына көшіп келген Хабиба Кенжеғалиқызы сауыншы және бұзаушы болып қызмет атқарған. Сол жерден теңін тауып, шаңырақ көтерген әжеміз 11 құрсақ көтерген. "Күміс және Алтын алқа" иегері атанған кейіпкеріміз "Ұлы Жеңіске 60, 70 және 80 жыл" мерекелік медальдармен марапатталған. Сонау 2000 жылдардан бері Богдановка ауылының тұрғыны атанған Хабиба Кенжеғалиқызына аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова сарқылмас денсаулық тілеп, құрмет көрсетті.
Т.Токмамбетов,
Теректі ауданы