20.05.2025, 10:15
Оқылды: 261

Жалпақтал мешітінің имамына медаль тағылды

Қазақстан мұсылмандары  діни  басқармасың төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни салада ширек ғасырдан  астам  өнімді  еңбек етіп  келе  жатқан  ардагер  имамды Батыс Қазақстан облысы бойынша  имамдардың кураторы, Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы, теология ғылымының магистірі, Тілек қажы  Ахмеджанұлын «Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасына  35 жыл» мерекелік медальмен марапаттады.

IMG-20250519-WA0081

«Жуырда  Астана қаласында алтыншы рет имамдар форумы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы құттықтауын жолдап, үлкен қолдау көрсетті. Президентіміз айтқандай, азаматтардың өзара сенімін нығайту және жауапкершілік, жанашырлық, әділдік сияқты қағидаттарды орнықтыру – қашанда басты міндет.

IMG-20250519-WA0080

Дін саласында  ауданда  облыста  және қоғамдағы  игі  бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғауға, отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге табысты түрде атсалысып жүр» деді Бас мүфти.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале