БҚО-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай көрме өтті.
БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бүгін қалалық мәдениет және демалыс саябағында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, өндіріс орындарының эколог мамандары, ардагерлер мен қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында қала мектептерінің оқушылары арасында ұйымдастырылған «Қайта өңде – Қайта өмір сыйла» атты шығармашылық көрме көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге балалардың тұрмыстық қалдықтар мен қайта өңделетін материалдардан жасалған бұйымдары қойылды.

Оқушылар өз қиялдары мен экологиялық білімін ұштастыра отырып, пластик бөтелкелерден жасалған гүлдер, картоннан құрастырылған макеттер, қағаздан жасалған сәндік бұйымдар мен тұрмыста қолдануға арналған ыдыстарды көрсетті.
Қатысушылар мен көрермен балалардың еңбегіне жоғары баға беріп, қоршаған ортаны аялауға үлес қосып жүрген жас ұрпақтың белсенділігін атап өтті.
Салтанатты жиын барысында қоршаған ортаны қорғау саласына үлес қосып жүрген бірқатар маман ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан марапатталды.
Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғаудағы еңбегі үшін бірқатар сала мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Атап айтқанда: