Жәнібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мирболат Бисеновтың 2025 жылғы 16 маусымдағы №97-ө өкімімен Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Тимур Қобыланұлы Хамзин тағайындалды.

Осы орайда бүгін Мирболат Бауыржанұлы мен аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов аталған бөлімге барып, ұжымға жаңа басшыны таныстырды. Айта кету керек, бұған дейін Тимур Қобыланұлы мансап орталығының директоры болып қызмет атқарғанымен құрылыс саласымен тығыз байланыста болды.
Аудан әкімінің орынбасары Тимур Хамзиннің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, абыройлы жұмыс істеуге шақырды. Өз кезегінде Тимур Қобыланұлы ұжыммен қоян-қолтық жұмыс жасап, аудан игілігі үшін табысты жұмыс болатынына сендірді.
Тимур Хамзин 1988 жылы Жәнібек ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Т.Жароков атындағы орта мектебін бітіріп, сол жылы Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне оқуға түсіп, «Машина жасау» факультетінің «Құрылыс» мамандығы, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Жәнібек аудандық құрылыс бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыс жасады. Еңбек жолын 2010 жылы Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастады. Әр жылдары Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту орталығының» бас маманы, сектор меңгерушісі, Жәнібек аудандық мансап орталығының бас маманы қызметтерін атқарған. 2024 жылдан бүгінге дейін БҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің филиалы «Жәнібек ауданының мансап орталығы» директоры қызметін атқарып келді.
Отбасылы, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы