18.06.2025, 16:45
Оқылды: 111

74 мұғалімге – 100 мың теңгеден

«Ұстаз  мерейі – мәртебелі марапат»  атауымен  Ғ.  Құрманғалиев  атындағы  облыстық  филармонияда  салтанатты  жиын  өтті.  Жиынға  облыс  әкімінің  орынбасары  Қайыржан  Меңдіғалиев,  халықаралық,  республикалық деңгейде  өткізілген олимпиадалар  мен  конкурстардың  жеңімпаз  педагогтері  және  ардагер  ұстаздар қатысты.   

DSC05605 (1)

Аталмыш іс-шарада 2024-2025 оқу жылында республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен 100-ге жуық  жеңімпаз педагогтерге құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев ұлт болашағын тәрбиелеп, әлемдік білім кеңістігіне жол салып, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарған үздік педагогтерге облыс әкімінің алғысхаты мен қаржылай сертификаттарды табыстады. Марапатталғандардың қатарында Ақжайық ауданындағы Жайық негізгі мектебінің директоры Мерует Ерментаева да бар.

«Кез келген мақсатқа жету үшін адамға бірінші – күш, екінші – ниет, үшінші – тәртіп керек» деп М. Әуезов айтқандай, шығармашылықтың шыңына жету, биікке ұмтылу  –  әр педагогтың өз қолында. Бүгінгі таңда педагог мәртебесін көтеру – мемлекеттік саясаттың маңызды бір  бөлігі. Осы  бағытта білім беру саласында адал еңбек етіп жүрген мұғалімдерді ынталандыру бізге жаңа күш сыйлайды.  Бұл – ұстаз еңбегіне берілген жоғары баға»,  –  деді ол.

DSC05537

Салтанатты жиында 2024-2025 оқу жылында республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда бас жүлде иегері атанған 10 педагогке – 150 мың теңгенің, 74 педагогке 100 мың теңгенің сертификаттары  табысталды.

Гүлжамал Кенжеғалиева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале