Шыңғырлау ауданында «Жазғы демалыс – тәрбиелік бағдарламаға негізделген даму алаңы» атты облыстық семинары өтті.

Аталмыш семинарға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, аудандық білім бөлімдерінің басшылары және білім саласының мамандары қатысты.

Бірінші болып аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев алғы сөзін айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар жұмысының мақсаты: Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін жазғы демалыс кезеңін тиімді пайдалану жолдарын көрсету және осы бағыттағы тәрбиелік жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысушыларды ынталандыру болып табылады.
Адақ Шотпанов,
Шыңғырлау ауданы
