25.06.2025, 11:30
Оқылды: 180

Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы: 1,3 млрд-тан астам көшет сатылып, жаңа орман тәлімбақтары құрылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында айтылды

44b110c0-a130-4a00-b5e3-0c0a3c025b23
Бүгінгі таңда экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, мемлекеттік орман қоры аумағында 1,3 млрд көшет отырғызылды, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар, елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма орындалды. 2024 жылдан бастап орман мелиорациялық жұмыстардың едәуір көлемі ірі компаниялардың қатысуымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Жерсінуі мен өміршеңдік деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде.

081fa5ad-b56f-4ef7-96c2-a293403a4224
Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман тәлімбағының құрылысы аяқталды. Биыл ауданы 15 гектар жаңа тәлімбақты жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ орман мелиорациялық жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін өндірістік модульдерді жеткізу жүзеге асырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале