2.07.2025, 12:45
Оқылды: 428

9 шілдеден бастап «Сырым» шекара өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары басталады

Осыған байланысты ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абзал Құспан кеше «Сырым» шекара бекетінде болып шекарашылармен кездесті.

WhatsApp Image 2025-07-02 at 13.08.56 (1)
«Сырым» шекара бекетіндегі жүк көліктерінің кептелісі адамдарға аз қиындық туғызған жоқ. Осы мәселені депутаттар ҚР Парламент мінберінде бірнеше мәрте көтеріп, шекара бекетінде қайта жаңғырту, жолақтарды кеңіту мәселесіне мұрындық болған еді.
Белгілі болғанындай «Сырым» шекара бекеті қайта жаңғырту жұмыстары кезінде толық жабылмайды. Тек жартылай жабылып, жүк көліктері ғана өтетін болады.
- Енді «Сырым» шекара бекетінен тек жүк көліктері ғана өткізіледі. Жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар енді Тасқала, Шаған, Ақсай өткізу пунктері арқылы жіберіледі. Жүк көліктері электронды кезек арқылы өткізіледі. Санын БҚО мемлекеттік кірістер департаменті реттеп отырады, - деп түсіндірді БҚО бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының бірінші орынбасары Сухраб Мусаев.
Айта кетейік, «Сырым» шекара бекеті қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 12 жолақ болып кеңейтіледі. Бұдан бөлек ол жерде әкімшілік ғимарат, көлік құралдарын тереңдетіп тексеруге арналған ангар, қызметтік көліктерге арналған гараж, шекаралық бақылаудың өткізу пункті, инспекциялық-тексеру кешені, көкөніс қоймасы салынатын болады.

сырыммм
«ҚазАвтоЖол» мекемесі облыстық филиалының басшысы Асылбек Марданның айтуынша құрылысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен.
«Сырым» шекара бекетін қайта жаңғырту жұмысатры үшін бюджеттен 21 млрдтан астам қаражат бөлінген.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале