«Зенит» зауыты – Қазақстандағы жалғыз кеме құрастыратын мекеме.
Бұл зауытта кезінде әкесі мен анасы еңбек еткен. Бүгінде сол жолды өзі, қарындасы және інісі бірге жалғастырып келеді.
Слесарь-механик ретінде ол 27 жылдан бері дәлдік пен табандылықты серік етіп келеді. Әр бөлшекті мұқият шешіп, қайта жинау – оның кәсіби шеберлігінің айнасы.
- Әкем мен шешем осы зауытта тер төгіп, із қалдырған. Енді сол жолды мен бауырларыммен бірге жалғастырып келеміз. Бұл – тек жұмыс емес, отбасының мұрасы, - деді «Мамандар галереясының» Асхат Давлетьяров.
«Зенит» – тек кеме емес, адамның қолымен жасалған мақтаныш.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

