25.08.2025, 22:00
Оқылды: 517

Бөрлі ауданы 90 жылдығын атап өтті

Биыл Бөрлі ауданының құрылғанына 90 жыл. Айтулы мерекені атап өту мақсатында ауданда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

0ad63b2c-73e3-4efb-b552-54866e5387fb

Ақсай қаласының “Қарашығанақ” спорт кешенінде 90 жылдық мерекенің қорытындысы ретінде “Туған күніңмен - Бөрлі!” атты галаконцерт өтті. Концерт аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен оздырылды.

eecfdbf6-5768-48b8-a858-80e39f22cc06

Мерекелік кеш жас қыз-жігіттерден, әжелер мен аталардан құралған «Базарлы  Бөрлі  керуені», «Көрікті керуен» аттыкомпозициясымен ашылды. Одан кейін сахнаға «Торқалы тойдың толғауы» атты ақындар шеруі шығып, эстрадалық бағытта ауданымызға арнау орындады. Ақындар шеруіне Жәнібектің төрінен Мұрадым Мирланов, Бөкейдің елінен Талғат Мықи, Жымпиты жерінен Бауыржан Ширмеденұлы, күй астанасы Жаңақаладан Орынбек Мендіқұл, ән ордасы Қаратөбеден Райымбек Өтепов, тектілердің мекені Теректіден Әділ Ахметов және берекелі Бөрліден Жарқынбек Шынтаев қатысып, аудан тарихынан сыр шертті.
777359b5-ee67-4a68-9e5c-b6b7c58cba37

Атаулы күннің мерекелік кешіне ҚазақстанРеспубликасының жұлдызы, Түркия елінде өткен«Turkviziyon» байқауының бас жүлдегері, күйші Нұржан Тажкенов ауданымыздың мақтаныштары үлгілі «Назерке» би ансамблімен бірге «Мұнайлы өлкем Бөрлім» композициясын орындады.

6baa9525-f218-43f6-8436-9bdabe99a8e7

Ауданымыздың 90 жылдығымен құттықтау үшін салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов және КПО б.в компаниясының бас директоры Марко Марсили мен КПО б.в компаниясы бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеевтер қатысып, аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады. БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтау хатын оқыды.

Мерекелік кеште аудандық демалу орталығының көркемөнерпаздары да өнер көрсетіп, аудан халқына керемет көңіл күй сыйлады.

90 жылдыққа арналған торқаулы тойдың хедлайнерлерінің құрамында қазақ эстрадасының жұлдыздары Қуандық Рахым, Әлішер Қонысбаев, Дәурен Сейтжан, Jazzdaurenжәне IL'HAN бар.

Аудан халқының күткені де осы қазақ эстрадасының жұлдыздары еді. Жұлдыздар құрамы алдын ала аудан әкімдігі және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік желілерінде хабарланған еді. Әлеуметтік желідегі хабарландыруларды көрген аудан халқы концерт өтетін алаңға қарай ағылды. Қонақтарымыз өздерінің хит әндерін орындап, халықты өздерімен бірге әндетіп, билетті. Әншілердің әр айтқан әніне аудан халқы бірге қосылып отырды.

Мерекелік концерт аудандық демалу орталығының көркемөнерпаздарының орындауындағы ауданымыздың әнұранына айналған “Берекелі Бөрлім” атты әнмен аяқталып, 90 жылдыққа орай арнайы ұйымдастырылған он минуттық отшашумен қорытындыланды. Отшашу аудан халқының көңілінен шығып, тұрғындарға керемет әсер сыйлады.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале