Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасылық тәрбие беру үшін бірнеше тетік қарастырылған. Соның ең қолжетімді әрі кең таралған түрі – опека және қамқоршылық. Бұл рәсім қалай жүзеге асады?

Фото: Freepik
Кімдер опекун бола алады?
Заңға сәйкес, баланы отбасына алу үшін үміткер белгілі талаптарға сай болуы тиіс. Опекун тек кәмелет жасына толған Қазақстан азаматтары бола алады. Олар:
Алғашқы қадамдар қандай?
Ең алдымен тұрғылықты жері бойынша білім басқармасына қарасты қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгіну керек. Мұнда азаматқа кеңес беріледі және құжаттар тізімі түсіндіріледі.
Келесі кезең – асырап алғысы келетін адам үш айлық онлайн «қорғаншылық мектебінен» өтуі тиіс. Бұл талап жақын туыстарға қатысты қолданылмайды.
«Болашақ опекун денсаулық, табыс, соттылықтың болмауы туралы анықтамаларды тапсырып, Республикалық дерекқорға тіркеледі. Осыдан кейін бала таңдалып, алғашқы танысу жүргізіледі», – деді Қостанай облысы Білім басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Анна Лазарева.
Балалар мен опекундардың құқықтары
Балаға мемлекет тарапынан барлық әлеуметтік жеңілдіктер, жәрдемақылар, алимент және баспананы пайдалану құқығы сақталады. Ал опекун балаға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы алады. Алайда, патронат немесе қабылдаушы отбасындағыдай қосымша еңбекақы төленбейді.
Ерекшелігі неде?
Опека 14 жасқа дейінгі балаларға қойылады, ал 14-тен 18 жасқа дейін қамқоршылық белгіленеді. Опекун әр алты ай сайын қорғаншылық органына баланың денсаулығы, тәрбиесі мен мүліктік жағдайы туралы есеп беруге міндетті.
«Ата-анасынан айырылған бала үшін отбасы – ең алдымен мейірім мен қамқорлықтың символы. Опека – баланың отбасылық ортада өсіп-жетілуіне мүмкіндік беретін ең қолжетімді тетіктердің бірі», – деп түйіндеді Анна Лазарева.