22.09.2025, 17:00
Оқылды: 93

Қазақстан халықаралық рейтингілерде көш басында – ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, Қазақстан құрамасы Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO) – абсолютті чемпион атанса, халықаралық география олимпиадасында (IGeO) командалық есепте 2-орынға шықты.

5370645459217022638

Оған қоса, Балқан математикалық олимпиадасында үздік үштіктен көрініп, First Global Challenge әлемдік робототехника чемпионатында үш жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Спикер қазақстандық оқушылардың халықаралық аренадағы жетістіктеріне тоқталды.

«Астана қаласының 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова Азияда физика олимпиадасында «Ең үздік қыз-қатысушы» атанды. Маңғыстау облысының 10-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты аймағының «Үздік лингвисі» деп танылды. Шығыс Қазақстан облысының оқушысы Алдияр Амангелді Орта Азияның «Үздік информатигі» атағына ие болды. Осының бәрі оқушыларымыздың әлемдік аренадағы биік зияткерлік әлеуетін көрсетеді», - деді ведомство өкілі баспасөз конференциясы барысында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале