29.10.2025, 16:00
Оқылды: 61

«Келешек мектептерінің» педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан өтті

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда. Биыл жаңа форматтағы 140-қа жуық мектептің 7 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курсынан өтті. Қазіргі таңда оқыту нәтижелерін бағалау мақсатында қорытынды тестілеу жүргізілуде.

_gluster_2025_10_29_29c4ddf1d3407bb1f17cd0601f1c07f9_1280x720

Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушыларға кәсіби дамуын одан әрі жалғастыруға арналған жеке ұсынымдар беріледі. Алдағы уақытта вебинарлар, семинарлар, шеберлік сабақтар және басқа да білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, «Келешек мектептерінің» педагогтері LMS платформасы арқылы онлайн оқудан өтті. Курстар базалық деңгейдегі 11 пәнді қамтиды: бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, информатика, физика, химия, биология, география және тарих. Өткен жылы дәл осындай біліктілікті арттыру курстарынан 35 мектептен 2 мыңнан астам педагог өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале