Ауданға қарасты тоғыз округ болатын болса, соның бәрінің де кіреберіс жолына асфальт төселіп, ауыл тұрғындары рахатын көруде. Одан бөлек ауданымызда сол округтерге қарасты жеті елді мекен бар.
Олардың жағдай да аудан басшылығының назарына алынып, биыл елді мекендердің кіреберісі жөнделуде. Атап айтар болсақ, көктемде Еңбекші елді мекеннің кіреберісі жөнделсе, енді, мінекей, Талов ауылына қарасты Майтүбек елді мекенінің 6 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдаланымға берілді. Аудандық тұрғын-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Аманғалиевтің айтуынша, алты шақырым автомобиль жолына қиыршық тас пен құм қоспасы төселді. Жұмыстарды мердігер «Unex Kazakhstan» ЖШС ақтарды. Жобаның жалпы құны 169 376,83 мың теңге құрады. Қаржы аудандық бюджеттен бөлінді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы