7.11.2025, 11:30
Оқылды: 94

Сырымдық көп балалы аналар марапатталды

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов көп балалы аналарды қабылдап, оларға мемлекеттік наградалар табыс етті. 

IMG_6726

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жымпитылық Жадыра Марксова «Алтын алқаға» ие болды. Жадыра ханым отағасы Думанмен бірге 7 перзент тәрбиелеп отыр.

Осы секілді елдегі демографиялық дүмпуге үлес қосқан Жымпиты ауылдық округінің тұрғыны Замиля Дәулетиярова, бұлдыртылықтар - Жазира Демжанова, Мейрамгүл Шамғұлова «Күміс алқаға» ие болды.

- Бала тәрбиелеп, қоғам тұлғаларын шығарған әр әке, әр ана - біз үшін құрметті. Сіздерге жанұя шырағын жағып, бесік тербеп, елдің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын, - деді Жұмагелді Жолдыбайұлы.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале