26.11.2025, 10:00
Оқылды: 48

Жаңа жылда ҰБТ форматы өзгере ме? Министрлік түсіндірді

2026 жылы түлектер үшін ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылған.

Мектеп ЖП

Фото сайт архивінен 

Бүгінде қазақстандық ҰБТ-ны үздік әдіснамасы мен сапасы бар халықаралық тестілеу жүйесіне айналдыру үшін ETS ұйымының әлемдік деңгейдегі үздік мамандарын тарта отырып, арнайы жұмыс тобы құрылған.

Жұмыс тобының қызметі шеңберінде ҰБТ жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен және жүйелі түрде жүзеге асырылады. Қазір бес жылдық жоспар әзірлеу жоспарланған. 2026 жылы тестілеу форматына ешқандай өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Барлық өзгеріс ғылыми тұрғыдан зерделеніп, шетелдік және отандық тәжірибелі маман-сарапшыларымен мұқият талқыланады, - делінген ведомствоның ресми жауабында.

Білім бағалау жүйесіндегі өзгерістер және олардың маңыздылығы мен күтілетін нәтижелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале