Кеше Орал қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтарды бақылауға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізді.

Іс-шара барысында профилактикалық есептің әртүрлі санаттарында тұрған, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларға ерекше назар аударылды.
Профилактикалық тексеру нәтижесінде келесі санаттағы азаматтар қамтылды:
-шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар — 65 адам;
-әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғалар — 17 адам;
-бұрын сотты болғандар — 52 адам;
-ерекше талап қойылған тұлғалар — 29 адам;
-құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалар — 39 адам;
-профилактикалық есептің өзге де санаттары.
Жалпы алғанда, іс-шаралар аясында 300-ден астам есепте тұрған тұлға тексерілді. Әрбір азаматпен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың салдары жан-жақты түсіндірілді.
Тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталды. Құқық бұзған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440, 204, 517, 518, 196, 492, 449, 615-баптары бойынша барлығы 38 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың жолын кесу мақсатында 76 «күдікті пәтер» мен антиқоғамдық элементтердің шоғырлануы ықтимал орындар тексерілді. Бұдан бөлек, Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы (ЦВАД) есебінде тұрған азаматтармен мекенжай бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Аталған профилактикалық іс-шаралар қала аумағында қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге және қайталанатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.