20.02.2026, 16:30
Оқылды: 10

Жаңақалада облыстық шеберлік чемпионаты өтті

Бүгін Жаңақала колледжінде облыстық «Junior Skills ORAL - 2026» атты шеберлік чемпионаты өтті.
image-20-02-26-03-58 (1)
“Графикалық дизайн” және “Аспаз ісі” құзіреттіліктері бойынша оздырылған тартысты додаға барлығы 13 команда қатысты. Ашылу салтанатында Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, Жаңақала колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Сұлтан Абзалұлына сөз беріліп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бас сарапшылардың қатарында аудандық білім беру бөлімінің ақпараттандыру және информатика пәні әдіскері Мәди Салықұлы мен жеке кәсіпкер Әмина Қуанышқызы болды. Жоғарғы сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған бұл байқау – жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға, еңбек нарығына бейімделіп, шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған маңызды алаң іспеттес. Жиын соңында, колледждің көркемдік жетекшісі Рахымжан Нұрымғалиұлының орындауында  ақын Асылбек Ишановтың сөзіне жазылған «Жаңақалам»  әні шырқалды.
Қатысушылар екіге бөлініп, өз бағыттары бойынша арнайы зертханаларда шеберліктерін шыңдап, бақтарын сынады. Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар  қаупсіздік ережелерін сақтай отыра, шартқа сай әр кезең бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде, «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша 1-орын – Ә.Жангелдин атындағы ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Жанель Бауыржанға бұйырды. С.Меңдешов атындағы ЖОББ мектебінің намысын қорғаған жас шебер Нұрасыл Мизамғали «Графикалық дизаин» құзіреттілігі бойынша 1-орынға лайық деп танылды.
Барша марапат иелері мен алғысхат иегерлеріне облыстық білім басқармасының атынан дипломдар табыс етілді.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале