27.03.2026, 9:00
Оқылды: 72

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі БҚО-дағы «экоқорғаушылар» еріктілер тобының қатысушыларымен кездесті 

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Молдаш Каналиев атындағы мектебінің оқушыларымен-«Экоқорғаушылар» еріктілер тобының қатысушыларымен кездесуі өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.

b9da62f2300c9c174fcc34d5264ef95e_1280x720

Еріктілер тобы 2022 жылы құрылды және қазіргі уақытта 40-қа жуық оқушыны біріктіреді. Оқушылар табиғатты қорғау іс-шараларына, соның ішінде балықты құтқару, өзен жағалауларын тазарту, бұлақ көздерін ашу, ағаш отырғызу және қалдықтарды қайта өңдеуге беру шараларына белсенді қатысады.

9596c8ba6d12141cadc68ce8a4472246_1280x720

Бүгінгі таңда Экоқорғаушылардың жұмыс нәтижелері бар, олар 5000-ға жуық балықты құтқарды, 2 бұлақ ашылды, 100-ге жуық ағаш отырғызылды, 500 кг қоқыс өңдеуге берілді.

Кездесу барысында Министр оқушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың үлгісі жастар арасында экологиялық волонтерлікті насихаттауға ықпал ететінін атап өтіп, волонтерлік топтың ең белсенді қатысушыларына және олардың басшыларына алғыс хаттар табыстады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале