Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Переметный ауылдық округінде әкім сайлауын ұйымдастыру, сайлау учаскелерін құру жайы талқыланды.

Аудадық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атап өткендей, бұл сайлауды 17 мамырына белгілеу туралы қаулы қабылданды. Сонымен қатар, сайлау науқанын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді. Сайлау заңнамасына сәйкес, кандидаттардың құжаттарын қабылдау 9-21 сәуір аралығында өтеді. Ал кандидаттарды тіркеу кезеңі 26 сәуір күні сағат 18.00-де толық аяқталмақ. Тіркеу мерзімі өткен соң, яғни 26 сәуірден бастап 16 мамыр күні түнгі сағат 00.00-ге дейін кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары жүреді. 16 мамыр - «тыныштық күні».
Дауыс беру барысын ұйымдастыру үшін Переметный ауылдық округі бойынша №155, 156, 157, 158, 159 учаскелік сайлау комиссиялары бекітілген. Аталған комиссиялар өз жұмысын 26 сәуірден бастайды.
Гүлжаз Баделова,
Бәйтерек ауданы