17.04.2026, 16:30
Оқылды: 51

Батыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында ауқымды экологиялық шаралар өтеді

жп парк қадыр мырза али (13)

18 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акцияся аясында елді мекендер аумақтарын, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық шаралар өтеді. Аталған шаралар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық бастамаларды қолдау аясында ұйымдастырылуда.

Экологиялық акцияларға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ өңірдің ірі кәсіпорындары — «Жайық ет», «Kazmeat Ақжайық», «Конденсат» және басқа да ұйымдар қатысады. Сонымен қатар, еріктілер, жастар және белсенді тұрғындар да бұл бастамадан тыс қалмайды деп күтілуде.

Іс-шаралар барысында аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, аулаларды ретке келтіру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, сондай-ақ ағаштар мен бұталар отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе, тұрғын үйлердің маңындағы аумақтардың санитарлық жағдайына және халық көп жиналатын орындарға ерекше назар аударылады.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале