Бұл туралы облыс əкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кəсіпкерлік мəселелеріне арналған кеңесте айтылды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршиннің айтуынша, өткен жылы облыстағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан 7 млрд. теңге шамасында қолдау-көмек көрсетілді.
Тек «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің 600 субъектісі несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізген.
Сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының филиалы 150 кәсіпкерге несие алуға кепілдік берген.
Өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 60 шақты старт-ап жобаларына қайтарымсыз мемлекеттік гранттар бөлінген.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы да кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетілуде.
Гүлбаршын Əжігереева
zhaikpress.kz